Перуде шеру полициямен қақтығысқа ұласты
Перуде жағдай ушығып барады. Ел астанасы Лимада мыңдаған адам ереуілге шығып, полициямен қақтығысты.
Халық Конгрестің штаб-пәтеріне басып кірмек болған. Тәртіп сақшылары ашулы топты тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Жиылғандар Педро Кастильоның мемлекет басшысы қызметтінен алынғанына қарсы. Кастильо желтоқсан айының басында Конгресті заңсыз таратпақ болып, қамауға алынған. Оған көтеріліс пен қастандық жасады деген айып тағылды. Енді халық қазіргі президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.