Жапонияда балықты 272 мың долларға сатты
Жапонияда әлем бойынша ең үлкен балық 272 мың долларға сатылды.
Көк тунец жыл басталғалы алғаш ашылған аукционда саудаланды. Алып балықтың салмағы 212 келі екен. Оны елдің солтүстігіндегі Аомори префектурасында аулаған. Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кезінде мұндай балықтардың бағасы күрт төмендеп кетті. Соған қарамастан көк тунец былтырмен салыстырғанда екі есе қымбатқа саудаланды.