АҚШ-та Өкілдер палатасының спикері сайланды
Республикалық партия жетекшісі Кевин Маккарти Өкілдер палатасының спикері болып сайланды.
Оның кандидатурасын 431 конгрессменнің 216-сы қолдады. Ал бәсекелесі Хаким Джеффрис үшін 212 адам дауыс берген. Алты конгрессмен үміткерлердің ешқайсысына қолдау көрсетпеген.
Айта кетейік, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 100 жыл ішінде алғаш рет спикерді таңдау үшін дауыс берудің 15 раундын өткізді.