АҚШ Украинаға 3 миллиард доллардан асатын әскери көмегін жібереді
Жаңа қару-жарақтың ішінде жаяу әскерге арналған Брэдли жауынгерлік көліктері, гаубицалар, қашықтан басқарылатын көп реттік зымыран жүйесі және басқа да жабдықтар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғаш рет әуе шабуылына қарсы қорғанысқа арналған «Теңіз торғайы» деп аталатын зымырандар жіберіледі. Бұл зымырандар елдің энергетикалық инфрақұрылымдарын қорғауға қажет. Ал бұған дейін АҚШ пен Германия Ресейдің әскери дрондарына тойтарыс беру үшін Патриот зымыран кешендерін жіберуді міндеттеріне алған еді. Жаңа қарулар мен әскери көліктер елдің шығысындағы қорғанысты нығайтып, басып алған жерлерді азат ету үшін керек,-деді АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі.
Джон Кирби, АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі:
- Донбасс аймағында соңғы апталарда өте қиын-кескі шайқас болып жатыр. Ресейліктер Бахмутты басып алу үшін барын салуда. Украинаның бұл ауданы – ауылшаруашылық алқаптары мен ашық далалы жерлер. Брэдли жауынгерлік көліктері осындай жер бедері жағдайында соғыс тактикасы үшін өте маңызды.