Қытайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдеді
Бүгіннен бастап сырттан келгендер үшін міндетті карантин алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар 48 сағат бұрын жасалған ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетсе жеткілікті. Бірақ бір қызығы, жуырда өзге мемлекеттер керісінше, Қытайдан келгендер үшін шектеу шараларын күшейткен. Оған шығысымыздағы көрші елде эпидахуалдың нашарлауы себеп. Бірақ ресми Бейжің бұл бастаманы қатаң сынға алды. Негізі шетелдік сарапшылар Қытай тарабы коронавирусқа қатысты сандарды бұрмалап отырғанын айтады. Пайымдауынша, елде кісі өлімі статистикадағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Ал жақында мұнда Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталады. Мереке кезінде ары-бері қатынағандар саны артып, эпидахуал қазіргіден де нашарлап кете ме деген қауіп бар.