Ыстамбұлда лаңкестіктің беті қайтарылды
Содырлар Жаңа жыл түні Ыстамбұлда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы түріктің ақпарат құралдары хабарлайды. 31 желтоқсанда жергілікті полицейлер арнайы операция жүргізген. Оның барысында «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» 2 содыры қамауға алынды. Қос күдікті де – шетел азаматы. Қолда бар мәлімет бойынша, олар 2017 жылдың 1 қаңтарындағыдай теракт жоспарлаған. Ол кезде Ыстамбұлдағы түнгі клубта атыс болып, 39 адам көз жұмған еді.