Мәскеуде аяз күшейді

Мәскеуліктер де тоңып отыр.

Ресей астанасында 7 қаңтар осы қыстағы ең суық күн болды. Мұнда күн аяз күшейген әрі көктайғақ. Ауа температурасы минус 23 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктер тек келесі аптаның ортасына қарай күн жылынады дейді. Мәскеуден бөлек Ресейдің тағы 3 өңірінде күн күрт суытып, температура минус 42 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Олар Орынбор облысы, Башқұртстан және Удмурт Республикасы.