Суэц каналымен кемелердің жүзуі қайта қалпына келді
Египеттегі Суэц каналымен кемелердің жүзуі қайта қалпына келді.
Кеше Қытайға жүгері апара жатқан жүк кемесі бұзылып, арна кептеліп қалды. Салдарынан өткелде кеме қатынасы біраз уақытқа бөгелген еді. Суэц каналы Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған ең қысқа теңіз өткелі. 2021-ші жылы контейнерлерді тасымалдауышы "Евер Гивен" кемесі арнаны алты күнге бөгеген болатын.