Угандада эболаның тарауы тоқтады

Бұл турасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті.

4 ай бойы қарқынды тараған дерт қазір бәсеңдеді, - дейді мамандар. Былтыр желтоқсанда ауруды жұқтырған соңғы науқас емделіп шыққан. Жергілікті денсаулық сақтау қызметінің деректері бойынша 2000 жылдан бері Угандада 8 рет індеттің өршуі тіркелген. Былтыр қыркүйек айында дертті жұқтырған 143 науқастың 55-і көз жұмған екен. Оның алтауы – аурухана қызметкерлері.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Қазір Эболаға қатысты жағдай тұрақталды. Бұл Уганда билігінің, денсаулық сақтау қызметкерлерінің бірігіп істеген жұмысының нәтижесі. Ақхалаттылардың кейбірі дертпен күресіп жүргенде өздері ауырып, көз жұмған. Барлық донорларға, серіктестерімізге жан-жақтан көрсетілген көмек үшін алғыс білдіреміз. Қысқа мерзім ішінде вакцина мен дәрі жеткізген өндіріс орындарына ризамыз.