8 млн украиналық Еуропаға босып кетті

Қарулы қақтығыс бастағалы Украинадан 8 миллион босқын Еуропа елдеріне табан тіреген. БҰҰ-ның мәліметі осындай.

Негізі украиналықтардың дені көрші елдерге барған. Басым бөлігі Ресей аумағына өткен. 1,5 миллионын Польша қабылдаған. Орталық Еуропаға да біраз босқын табан тіреген. Мәселен, Германия 1 миллионнан астам Украина азаматын қарсы алған.