Жапонияда бір күнде коронавирустан 520 адам қайтыс болды
Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұмдардың дені – қарттар мен созылмалы аурулары бар науқастар. Кейінгі уақытта елде эпидахуал нашаралап барады. Мәселен, кеше бір күнде 203 мың адамның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Қытайда да қазір вирус тез тарап барады. Сол себепті Жапония билігі бұл елден келгендер үшін карантиндік талапты күшейтті.