Мысыр көшелерін су басты
Мысырдың ірі қаласы Александрияда жауын-шашын салдарынан көшелер су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Апаттық жағдайдан көлік қозғалысы тежеліп, тұрғындар әбігерге түскен. Ондаған үйді топан су басып қалды. Бұған төтеп беру үшін қалалық жергілікті кәріз компаниялары су сорғыш машиналарды іске қосып, ағын судың деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізуде. Бүкіл қала бойынша арықтар қазылған.