АҚШ-та торнадодан жеті адам қаза тапты

АҚШ-та торнадодан жеті адам қаза тапты

АҚШ-тың оңтүстігінде соққан алып құйынды дауыл кемі 7 адамның өмірін қиды.

Тағы, 12 тұрғын ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Осылайша, Алабама штатының тұрғындары әбігерге түсті. Торнадо үйлердің шатырын, ағаштарды жұлып, электр қуатын сөндірді. Жалпы аумағы 32 шақырымға созылған аумақтың, зардап шеккені белгілі болды. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айта кетерлігі, бүгін Джорджия мен Миссисипидің кейбір аудандары да, ауа райының қолайсыздығынан зардап шегуде.