Бразилия жағажайларында мыңдаған тасбақа өріп жүр

Бразилия жағажайларында мыңдаған тасбақа өріп жүр

Бразилия жағажайларында ерекше көрініс.

Елдің  Гуапоре өзенінің маңында жүз мыңдаған тасбақа өріп жүр. Мамандар бұл әлем бойынша тасбақалардың "ең үлкен, жыл сайынғы ұя салуы" дейді. Мұнда қыркүйектен бері ересек тасбақалар жиналған. Енді мінде 2-3 айда олардың тұқымдары тарап жатыр. Ғалымдардың сөзінше, тасбақалардың ұя салуы маңызды экологиялық рөл атқарады. Бұл өзен дәліздері бойындағы өсімдіктерді қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ олар өзеннің био-массасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады. Мамандар тасбақалардың шоғырланатын аумағын броконьерлерден қорғау керек дейді.