Қытайдың Харбин қаласында қар мен мұздың дәстүрлі фестивалі басталды
Фестиваль жыл сайын өтеді. Алайда коронавирусқа байланысты былтыр және оның алдыңғы жылы болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл тақырыптық саябақ 80 гектар аумақты алып жатыр. Фестивальдің қашан аяқталатыныны ауа райына байланысты. Ол ақпан не наурызға дейін жалғасуы мүмкін. Негізі Харбиндегі іс-шара қар мен мұздың әлемдегі ең ірі 4 фестивалінің біріне жатады.
- Күн суық. Бірақ соған қарамастан фестиваль ашылды дегенді ести салысымен осында келдік.
- Мен фестивальге сүйіктімді алып келдім. Коронавирусқа байланысты 3 жыл бойы көп сала тұралап қалды. Алайда шектеу шаралары жеңілдеп, енді бәрі қайта жанданады деп үміттенеміз.