Биткойн едәуір қымбаттады

Bitcoin бір апта ішінде шамамен 24% қымбаттады. 

Қазір бір Bitcoin құны 21 мың долларға жетті. Кейінгі бірнеше күнде АҚШ-тың қор нарығында бағалар айтарлықтай жоғарылады. Сөйтіп соңғы бірнеше күн қатарынан цифрлық валюта шарықтады. Криптовалюта нарығындағылар өсімді қалт жібермей бақылап отыр. Жалпы өткен тәулікте криптонарық 7,68% өсіп, 1 триллион капиталдандыру белгісіне жақындады.