Иранда тыңшыны дарға асты
Иранда Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Али Реза Акбари дарға асылды.
Акбариге Ұлыбритания үшін тыңшылық әрекетпен айналысты деген айып тағылған. Ақпаратқа сәйкес, Акбари құпия қызметі үшін 2 миллион еуро алған көрінеді. Бұған қоса Ұлыбритания азаматтығы болған. Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак оқиғаға байланысты Иран билігін айыптап, сот шешімін нағыз қорқақтық әрекет деп мәлімдеді.