Перу президенті халықтан кешірім сұрады

Перудегі алты провинцияда бір айға төтенше жағдай жарияланды.

Наразылықтар желтоқсан айының басында басталып, елдің 11 аймағын қамтыды. Осы уақыт ішінде 42 адам қаза тапты. Ел Президенті бұл үшін халықтан кешірім сұрады. Акцияға қатысушылар ел президенті Дина Болуартенің отставкаға кетуін, Парламенттің таратылуын, 2023 жылы жалпы сайлау өткізуді және конституциялық Ассамблеяны шақыруды талап етуде.

Дина Болуарте, Перу президенті:

- Наразылық кезінде перуліктердің қаза болғанына қайғырып, көңіл айтамын. Біздің отандастарымыз да, полиция өкілдері де – әр азамат біз үшін аса құнды. Мен бұл жағдай үшін және осы қайғылы оқиғалардың алдын ала алмағаным үшін кешірім сұраймын.