Лондонда пластикке шектеу қойылуы мүмкін
Лондонда бір реттік пластикке шектеу қойылуы мүмкін.
Атап айтсақ, ас құралдары, табақтар және тостағандар сияқты пластмассалар қолданылмайды. Тыйым салуды Үкіметтегі қоғамдық кеңестің 95% жақтады. Егер заң толық мақұлданса ереже осы күзде күшіне енуі мүмкін. Жалпы зерттеу бойынша, пластик ғасырлар бойы шірімей өзгеріссіз қалып, мұхитқа, өзен-көлдерге және құрлыққа зиян келтіреді. Ал Ұлыбритания жылына 2,7 млрд бір реттік ас құралын қолданады екен. БҰҰ-ның өкілдері пластмассаны шамадан тыс пайдалану жаһандық экологиялық апатқа әкеледі дейді. Қазір мамандар басқа да пластиктен жасалатын қажетсіз заттарды зерттеу үстінде.