Қырғызстанда үскірік аяздан Ыстықкөл қатып қалды
Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Судың табиғи жылуы мен тереңдігі байланысты көл ешқашан қатпаған екен.
Қазір елдің солтүстігінде аяз күшейіп, ауа температурасы -30 градустан асып кеткен.
Айта кетейік, Ыстықкөл әлемде тереңдігі бойынша жетінші, ал көлімі бойынша оныншы орында. Каспий теңізінен кейін екінші тұзды көл болып есептеледі. Жергілікті тұрғындар мұзды ыстықкөлді бірінші рет көріп отыр.
Талай Орозақунов, жергілікті тұрғын:
Демалыс күндері қатты суықтан көл қатып қалды. Мұз жағадан көлдің ортасына дейін шамамен 150 метрге жеткен. Кей жерінде мұздың қалыңдығы 1,5 метрге жетті. Біз мұндайды ешқашан көрмегенбіз, бұл біз үшін жаңа құбылыс.