Иракта инфляция шарықтап барады

Долларға шаққанда динар курсы күрт көтеріліп, ел нарығына кері әсерін тигізді.

Қазір халықтың айлығы шайлығына жетпей, көбінің әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап кеткен. Саясаткерлер Қаржы министрлігінің соңғы реформалары төл валютаның құлдырауына әкеп соқты деп шағымданады. Елдегі доллардың тапшылығына былтыр қараша айында орталық банктің резервтік жүйеден қосымша қаражат алуы себеп дейді. Иракта қазір қорда бас-аяғы 100 млдр доллар бар екен. Қазір бір АҚШ доллары 1600 динарға тең келеді.