Түркияда президенттік сайлау 14 мамырда өтуі мүмкін
Түркияда жалпыхалықтық президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы ел Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Бұған дейін Түркиядағы Президент сайлауы 18 маусымға белгіленген болатын. Дегенмен, бұл уақытта студенттер жазғы демалысқа шығады, 100 мыңға жуық адам қажылыққа аттанады. Осы себептерге байланысты, сайлау мерзімінен бұрын өтпек. Биліктегі «Халық альянсы» жалғыз үміткер ретінде Түркияның қазіргі президенті Ердоғанды ұсынды. Ал, оппозициялық партиялардан құралған «алты үстел» мен басқа да саяси топтар өз кандидатын жариялаған жоқ.