Johnson & Johnson екпесі тиімсіз деп танылды
«Джонсон энд Джонсон» компаниясы адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакцинасын сынақтан өткізуді тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені препарат қауіпсіз болғанымен, тиімсіз деп танылған. Клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінің нәтижесі осындай. Зерттеу 2019 жылы басталған. Оған Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан 4 мыңға жуық адам қатысы. Бұған дейін осы «Джонсон энд Джонсон» компаниясының тағы бір препаратын тексеру жұмыстары сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакциналарды Модерна және тағы бірнеше компания сынақтан өткізіп жатыр.