Криптовалюта майнингі қазір өзекті мәселе болып отыр
Соңғы айларда виртуалды валюта бағасы өсті. Дегенмен майнингке энергетикалық дағдарыс қиындық келтірді.
Крипто-майнинг талқыға түсті
Криптовалюта майнингі қоғам талқысына түскелі қашан. Міне, мәселе Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумының панельдік сессиясына өзек болды. Әлемдегі ең беделді крипто-майнер, сандық активтер бойынша сарапшы, HUT 8 компаниясының басшысы Хайме Левертон форумда берген сұхбатында биткоин майнингі желілерді тұрақтандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және салық жүйесін реттеуге көмектесетінін айтты. Левертонның сөзінше, 2022 жыл биткоин үшін құбылмалы болды. Бұған Web 3 блокчейн-платформасының диверсификация, яғни, тәуекелден қорғау жүйесін енгізу, активтердің әртүрлі санатқа инвестиция салынуы себеп. Жаңа блокчейн-платформасының іске қосылуы биткоин бағасының өсуіне әкелді. Сонымен қатар, бұл басқа да криптовалюталар құнының құбылуына ықпал еткен.
Биткоин бағасы өсті
Әлемдік инфляцияның төмендеуіне қатысты жаңалықтар биткоин бағамының өсуіне жағымды әсер етті. Шарықтау шегі 21 мың доллардан асты. Сенбіде өсім 7,5%-ті құрады. Ал былтырғы қарашада курс 20 мың доллардан аспаған еді. Бұған FTX криптобиржасының құлауы да «жәрдемдесті». Бұл – Bloomberg келтірген деректер. Осыған қарамастан биыл «Эфир» 9,7%-ке көтеріліп, «Кардано» мен «Дойджкоин» криптовалюталарында да аз болса да, өсім көрсетті. Бүгінгі таңда жалпы крипловалютаның капитализациясы қайтадан 1 трлн доллардан асып отыр.
Майнинг пайда әкеледі
Майнингтен пайда табу мүмкіндігі ұлғайды. Қазір шахтерлар да өз құралдарын жаппай осыған бейімдеуде. Бұл соңғы аптада құны 7 рет өскен Nexa криптовалютасының өсуімен байланысты, - дейді сарапшылар. Соңғы айда осы виртуалды валютаның токендерін өндіру жақсы табыс әкелген. Бұл тіпті «эфир» деген криптовалютаның көлемді майнингі кезімен ұқсас, - дейді мамандар. 5 жыл бұрын шахташылар оны өндіруде қомақты қаражат тапқан. Ақпарат көздерінің деректеріне сүйенсек, 1 видеокартадан түсетін пайда шамамен 300 тенгеден асады. Бірақ түйткіл де жоқ емес, сарапшылар майнингті қамтамасыз етушілер үшін 2022 жыл ауыр өтті дейді. Бұған энергетикалық дағдарыс түркі.