Францияда зейнетақы реформасына қарсы ұлттық ереуіл өтті
Тұрғындар зейнетке шығу жасының 62-ден 64-ке дейін көтерілуіне наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықтың айтуынша, Үкімет бұл өзгерістен бас тартуы қажет. Бірақ ел билігі бұл реформа іске асса, қазынаға жыл сайын 10 млрд еуро әкелетінін алға тартып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларына шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік беретін көрінеді.
Айта өтейік, бүкіл Франция бойынша бас-аяғы 200 шеру ұйымдастырылды. Соның салдарынан елде қоғамдық көлік пен пойыз қозғалысы тұралап қалды. Кәсіпорындар жұмысында қиындық туды.