Грузияда белгісіз біреу пәтер балконынан азаматтарға оқ жаудырды
Соның салдарынан 5 кісі көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның біреуі – полиция қызметкері. Куәгерлердің айтуынша, түнгі бір шамасында ер адам өз үйінен көшедегілерге оқ атып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Белгілісі, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Сонымен қатар Ауғанстандағы миссия мүшесі болғаны анықталды.