Құрамына Google компаниясы кіретін Альфабет холдингі 12 мың қызметкерін қысқартады
Былтыр күзде холдинг өкілдері табысының төмендегенін мәлімдеген.
Сондықтан шығындарды азайтуға мәжбүр. Бұған дейін Альфабеттен бөлек, Твиттер мен Амазон секілді алпауыт компаниялар да осындай қадамға барған. Былтыр әлемде, әсіресе технологиялық секторда көп қысқарту болды. 1 жыл ішінде саладағы 97 мың адам жұмысынан айырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 649%-ке көп.