Франция қорғаныс бюджетін арттырады
Франция алдағы жылдары қорғанысқа бөлінетін бюджет көлемін кемі 30%-ке арттырады. Мон-де-Марсан әуе базасына барған ел президенті Эммануэль Макрон осылай деді.
Оның айтуынша, 2030 жылға дейін Франция әскер шығынын 400 млрд еуроға ұлғайтады. Соның ішінде әуе қорғанысы бюджеті 50%-ке, барлау қызметі 60%-ке артады. Ал дрондарға бөлінетін қаржы мөлшері 2 есе артпақ.