Вашингтонда ҚХА-ның қолдауымен шара ұйымдастырылды
АҚШ астанасы Вашингтонда «Орта Азия Дүн-гендері» тақырыбымен, халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстан халқы ассамблеясының қолдаумен ұйымдастырылған шарада дүнгендердің мәдениеті, ұлттық киімі мен қолөнері таныстырылды. Суретші Абду-самат Каримовтың жеке көрмесі де жұрт назарына ұсынылды. Жалпы 1870 жылдары Қытайдың Цин империясына қарсы көтерілісте жеңіліске ұшыраған дүнгендер Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қырғызстанның солтүстік-шығысына қоныс аударады. Қазір Қытайда 10 млн дүнген бар. Десе де ұлттық ерекшелігі мен салт-дәстүрін дамыту өзекті мәселе болып тұр, - дейді мамандар. Ал Қазақстанда саны 80 мыңнан аспаса да, өзіндік мәдениеті мен бірегей болмысын сақтап отыр.
Римма Массырова, педагогика ғылымдарының докторы:
- Қытайдың дүнгендері бізге келгенде таң қалады. 145 жыл бұрын кетсеңіздер де салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениетіңізді сақтап отырсыз деп айтады. Бұл Қазақтанның саясатының арқасында.