Қытайда Жаңа жыл мерекесіне орай «Алтын айдаһар» шеруі өтті
Ауқымды фестиваль Яншо қаласындағы Юлонг өзенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараны тамашалауға келгендердің санында есеп жоқ. Елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист жиналды. Бұл күндері Қытай өз күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Бұл – Шығыстағы көршіміз үшін ең маңызды және ең ұзақ, 15 күн бойы тойланатын мейрам.