Мадридте 30 мың адам ереуілге шықты

Мадридте 30 мың адам ереуілге шықты

Испанияда мыңдаған тұрғын ереуілге шықты. Мадридтегі наразылық шарасына бас-аяғы 30 мың адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт Үкімет мемлекетке қастандық жасады деп айыптап, отскавкаға кетуін талап етіп отыр. Халық Каталонияның тәуелсіздігін жақтайтын қозғалыс жетекшілері үшін Қылмыстық кодекске енген жазаны жеңілдететін түзетулерге қарсы. Бұдан бөлек, елде қаржылық дағдарыс салдарынан испандықтардың әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап кеткен. Бұл да бір себеп болды.