Парижде Елисей келісімінің 60 жылдығы атап өтілді
Парижде Франция мен Германия екіжақты достық қарым-қатынасы туралы Елисей келісімшартының 60 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мерейтоға байланысты президент Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольц бас қосты. Кездесуде шекараны бірлесіп бақылау, газды сатып алудың ортақ жүйесін құру жайы талқыланды. Украинаға көмек мәселесі де қарастырылды. Елисей келісіміне 1963 жылы 22 қаңтарда қол қойылды. Осылайша 2 мемлекет арасында ғасырлар бойы жалғасқан бақталастық аяқталған еді.
Эммануэль Макрон, Франция Президенті:
- Бұл келісімнің 60 жылдық мерейтойының маңызы өте зор. Әсіресе қазір бейбітшілік пен диалог негіздері аяққа тапталып, Еуропада гуманитарлық тәртіпке қауіп төнгенде мәні тіпті артып отыр. Бұл біздің елдеріміздің сенімін нығайта түсті.