Перудің туризміне қауіп төніп тұр
Перуде туристер арасында танымал орын Мачу-Пикчу белгісіз уақытқа жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған жаппай ереуілдер себеп. Билік бұл шешімін мәдени мұраны сақтап қалу қажеттігімен түсіндіріп отыр. Мачу-Пикчуге жыл сайын 1,5 млн аса саяхатшы барады. Одан туризмге 6 млн доллар пайда түседі. Бірақ жуырда ашуға булыққан халық мұнда барар жолдарды жауып, инфрақұрылым нысандарын талқандаған. Желтоқсаннан бері толастамай тұрған наразылық акциясының қатысушылары экс-президенттің биліктен шеттетілуіне қарсы. Олар биыл жаңа сайлау өткізіп, Парламентті таратуды талап етіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша ереуілдер соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, 60-қа жуық адам қайтыс болған.