Германияда тұрғын үйге мұқтаждардың көрсеткіші артты
Германияда былтыр 226,5 мың адам үкіметтен баспана сұраған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ке көп. Осылайша, Германия баспанаға мұқтаждардың көрсеткіші бойынша Еуроодақ елдері бойынша 1-ші орында тұр. Жалпы Одаққа мүше 27 елде былтыр пәтер сұрағандардың саны 2 есе артып, 924 мың өтініш түскен. Сондай-ақ 5 млн-дай украин босқыны еуропаны паналады. Одақ заңнамасы бойынша украиналықтарға арнайы тіркеуде тұрудың қажеті жоқ, оларға бірден жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Алайда саны көп болғандықтан, мигранттарды орналыстыратын орталықтар жақын арада толып кететін түрі бар.