Францияда наубайшылар шеруге шықты

Францияда бүкіл ел аумағынан наубайшылар Парижге келіп, шеруге шықты. Олар электр қуатының қымбаттауына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наубайшылардың айтуынша, бүкіл салаға қатер төніп тұр. Оның ішінде ЮНЕСКО мұрасы танылған әйгілі француз багеттің өндірісі де құлдырауы мүмкін. Француздар өмірінде багеттің орны бөлек. Таңғы асының ажырамас бөлігі және мәдени мұрасы. Бір жылда елде 10 млрд багет сатылады. Нанның дені шағын наубайханаларда дайындалады, елде олардың саны 35 мыңнан асады. Ал таяуда шағын кәсіпорындар үшін электр қуатының ақысы 3,5 есе өскен. Енді оларға жабылу қаупі төніп тұр. Франция Үкіметі салаға көмек беретінін мәлімдеді, бірақ ол электр қуаты ақысының тек азғантай бөлігін өтейді. 

Анри, наубайшы:

- Егер бізге қазір көмек бермесе, 2 айдан кейін жабылуға тура келеді. Өйткені біз нан бағасын көтере алар едік, бірақ тұтынушылар осы үшін төлеуге тиіс емес. Не де болса, мәдени мұрамызды сақтап қалуымыз керек.