Бүкіл әлемде 55 мыңнан аса IT маман жұмыссыз қалды
Сарапшылар ол алаңдатарлық көрсеткіш екенін айтады.
Өйткені салыстыратын болсақ, бұл былтыр бір жыл ішінде технологиялық секторда қысқартуға ұшыраған адамдардың үштен бірі. Жақында Интел, Майкрософт секілді ірі технологиялық алпауыттар да осындай қадамға баратынын ескерткен. Өткен аптада америкалық Альфабет компаниясы да 12 мың адамды қысқартатынын жария етті. Сарапшылар еңбек нарығындағы бұл жағдайға жаһандағы экономикадағы дағдарыс себеп болғанын айтады.