АҚШ билігі Швециядағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
АҚШ билігі президент Ердоғанның мәлімдемесінен кейін Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайс хабарлады.
Ол: "Стокгольмдегі құранның көшірмесін жағу дінді құрметтемеу", - деді.
Нед Прайс, АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:
- Соңғы күндері болған оқиғаларға қытысты айтарымыз, біз бейбіт жиындар сияқты демократияның кез келген бөлігін қолдаймыз. Бірақ Швеция Премьер-министрі мәлімдегендей, қасиетті кітаптарды жағу - дінді құрметтемеу.