Қырғызстанда электр қуаты тапшы
Оны үнемдеу үшін Бішкек көшелеріндегі жарық шамдар өшіріледі. Бульварлар, саябақтар мен веложолақтар жарықсыз қалады.
Сондай-ақ, түнгі уақытта жарнамалық тақталар да жағылмайды. Қатты аязға байланысты қаланың энергетикалық жүйесінде жүктеме артқан. Мұны азайту үшін билік осындай шешім қабылдады. Бұған дейін энергетика министрлігі , Қырғызстанда аудандарды электр қуатынан кезекпен ажыратып отырған. Егер 1-1,5 бір жарым сағатқа өшіріп тұрмаса, трансформаторлар істен шығуы мүмкін дейді.