Сенегалдағы Ретба көлінде балық қырылып жатыр
Ондағы судың түсі әдетте қызғылт болатын. Енді жасыл-қоңыр түске боялды.
Мамандардың пайымынша мұндай жағдайға елде болған су тасқыны себеп. Бұл көлде цианобактериялар мекендейді. Осыдан үш жарым миллиард жыл бұрын пайда болған осы бактериялар - дүние жүзіндегі ең ежелгі микроорганизм. Суды осы жәндіктер қызғылт түске бояп тұратын. Ал Ретба көлінде тұздың үлесі әйгілі Өлі теңізбен салыстырғанда бір жарым есе артық. ЮНЕСКО ұйымың мұралар тізіміне енген. Жыл сайын қызғылт көлді көру үшін Сенегалға миллиондаған турсит барады. Ал тұрғындар одан тұз шығарады. Көлдің ластануы жергілікті жұртты күнкөрісінен айыруы мүмкін.