Солтүстік Кореяда тұмау салдарынан карантин жарияланды
Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда тұмау ушығып, 5 күндік карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шектеу шаралары сәрсенбі мен жексенбі аралығында болмақ. Мәлімдемеге сәйкес жағдай респираторлық ауруларға қатысты қиындай түскен. Әзірге бұл Covid-19 вирусымен байланысты ма, жоқ па – белгісіз. Пхеньян тұрғындары карантин кезінде үйде отырып, дене температурасын өлшеп тұруға міндетті.