Жапонияда бораннан жүздеген әуе рейсі шегерілді
Жапонияның көп бөлігінде қар жапалақтап жауып, боран соғып, 200-ден аса әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауа райының қолайсыздығы пойыздардың жүрісіне де әсер етті. Бірқатар қалааралық бағыттар уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар тасжолдарда көлік апаты жиілеген. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Ал синоптиктер елдің орталық бөлігінде 1 күнде адамның белуарына жететіндей қар түсуі мүмкін деп отыр.