АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенстің үйінен құпия құжаттар табылды
Осыған дейін осындай деректер бұрынғы президент Дональд Трамп пен қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденнің резиденцияларында табылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кету керек, Трампқа қарсы бұл іс бойынша тіпті сот тергеуі басталды. Заң бойынша президент жұмысын аяқтағаннан кейін барлық құжатты АҚШ-тың ұлттық мұрағатына тапсыруы тиіс. Майк Пенс адвокатының мәлімдеуінше, ол бірнеше құпия құжатты шатастырып, жеке заттары салынған қораптарға салып, үйіне жөнелткен көрінеді.