Жапонияда демографиялық дағдарыс өршіп барады
Бала туу көрсеткішінің төмендеп кетуіне байланысты Жапония өзінің әлеуметтік міндеттерін орындай алмай қалуы мүмкін. Елдегі демографиялық дағдарысқа қатысты ескерту жасаған жапон Премьері жуырда осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, бұл мәселе шұғыл түрде шешімін табуы тиіс. Өйткені елде жұмыс күші азайып барады. Сарапшылар мұның бәрін бірнеше фактормен байланыстырады. Атап айтқанда, өмір сүрудің қымбатшылығы, ірі қалаларда бала күтіміне қатысты қолдаудың жоқтығы. Бүгінде Жапония әлем бойынша бала туу көрсеткіші ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Былтыр 125 млн азаматы бар мемлекетте 800 мыңға жетер-жетпес сәби дүниеге келген.