АҚШ-та ерекше супермаркет ашылды
Дүкенде пластик қалдықтарынан және қоқыстан жасалған тауарлар сатылады.
Ойдан жасалған заттардың арасында ет, жұмыртқа және бәліштер бар. Дүкенге кіру үшін 30 доллар төлеу қажет. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл жерде кинозал да ашылатынын айтады. Онда пластик қалдықтардың зияны мен қаупі туралы қысқа-метражды фильмдер көрсетіледі. Супермаркет 5 ақпанға дейін жұмыс істейді. Экологиялық ұйымдардың мәліметі бойынша, америкалықтар жылына 100 миллиард пластик пакетті далаға тастайды екен.
Робин Фрохардт, режиссер:
- Біздің қоғамда пластик пакетті бей-берекет пайдаланады. Мұның салдары өте жаман. Осы жоба бойынша ел аралап, пластиктің зияны туралы насихат жүргізуге дайынбыз.