ЕАЭО сыртқы қарызы 62 млрд долларға азайды
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия мәлімдеді.
Сыртқы берешектің жалпы ішкі өнімеге шаққанда қысқаруы әсіресе Беларусь, Қазақстан және Ресейде байқалып отыр. Нақтырақ айтсақ, былтыр қазан айында Ресейдің жалпы ішкі өнімге шаққандағы сыртқы қарызы 21% болса, Қырғызстанда 93%-ке жетті. Жалпы өткен жылы Еуразиялық экономикалық аймақтағы инфляция деңгейі 12,9%-ті құрады.