Израиль мен Палестинаның арасындағы жағдай ушықты

Ирзаиль Палестинаның бірқатар нысандарына әуеден шабуыл жасады. Бұл турасында жергілікті әскери күштердің  баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, олар ХАМАС қозғалысының Тель-Авивке жасаған соққысына жауап қайтарды. Израиль әскері Газа секторынан оларға бағытталған үш әуе техникасын құлатып, шабуылға төтеп берді. Бірақ зымыранның біреуі шөл далаға құлаған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, Палестинаның келтірген деректеріне сүйенсек, Израиль әскери күштері босқындар лагеріндегі палестиналықтарға оқ жаудырған. Қарсыластар өз кезегінде мұндай қадамға терреористердің көзін жою үшін барғанын мәлімдеді.