Space X тағы 56 жер серігін ұшырды

Space X компаниясы орбитаға "Старлинк" интернет жүйесіне арналған тағы 56 жер серігін ұшырды.

Зымыран көкке Флорида штатындағы ғарыш айлағынан аттандырылды. Бұл - бірлестіктің жобаға қатысты аппараттарды 70-ші рет ұшыруы. Алғашқы шара 2019 жылы жүзеге асырылды. Бағдарлама адамдарды Жердің кез келген тұсынан кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үшін жалпы орбитаға 12 мың жерсерігін оналастыру жоспарланған. Қазірге дейін 4 мыңға жуығы жеткізіліп, 45 елде қызмет көрсету қолға алынған.