Тегеранда Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды. Калашников автоматымен қаруланған адам қарауыл бекетіне кіріп, күзет қызметінің басшысын мерт қылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 2 азамат жараланды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Оқиғаға байланысты Әзербайжан тарапы шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Иран жағы да істің ақ-қарасын анықтауға кірісті. Шабуыл жасаған адам қазір қамауда.