Австралияда нөсер соңы алапат тасқынға ұласты
Австралияда ауа райы бұзылды. Елдің ірі қаласы – Оклендті қалың су басып жатыр. Бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үйлерін су шайып, далада қалған тұрғындар қауіпсіз жаққа көшірілуде. Полиция халықты жолға шықпауға шақырды. Ал метеорологтар күшті жел тұрып, найзағай түсуі мүмкін екенін ескертті. Қазірдің өзінде бірнеше тасжол мен көпір жабылған. Төтенше жағдай қызметіне шұғыл көмек сұрап, хабарласушылар қатары күрт өскен. Қолайсыз ауа райына байланысты алдын ала жоспарланған мәдени-спорттық үлкен іс-шаралар да кейінге шегерілді.