Австрия канцлері Карл Нехаммер Еуроодақтың сыртқы шекарасын нығайтуға шақырды
Бұл туралы ол Венада нидерландтық әріптесімен кездесуде мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұған Шенген жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп. Осының кесірінен Одақ заңсыз миграциямен күресте көп қиындыққа тап болып отыр, - дейді саясаткер. Ал Шенген аймағы – Еуроодақ ішінде адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін құрылған жүйе.
Карл Нехаммер, Австрия канцлері:
- Мен жақында ғана Болгарияда болып, Түркиямен шекарадағы жағдайды көріп қайттым. Біз Болгария мен Румынияға оларды қорғау үшін қаржылай көмек көрсетуіміз қажет. Бірақ ол жақта дуал салып, шекараларды нығайтуға Еурокомиссия қарсы болып келеді.